Сақ болыңыз! Құтқарушылар өрт қаупі туралы ескертті

ТЖМ қызметкерлері құрғақ шөп пен қамыстың өртену қаупі туралы ескертті.

«Бүгін таңертеңнен бастап Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері құрғақ шөптер мен қамыстың жануына бес рет шықты. Қазіргі уақытта жеке құрамнан 67 адам және 9 бірлік техника, сондай-ақ қала әкімдігінің екі бірлік техникасы «Западный» саяжай қоғамында алдын ала болжам бойынша 1500 ш.м. ауданда құрғақ шөп пен қамыстың өртенуін сөндіру бойынша жұмыс істеуде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады 2022 жылғы 17 сәуірде Нұр-Сұлтан ТЖД.

Жиілеп кеткен оқиғаларға байланысты департамент елорда тұрғындарынан құрғақ шөпті өртемеуді сұрайды. Құтқарушылар бірнеше кеңес берді:

жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын жерге лақтырмаңыз;
құрғақ және желді ауа райында от жақпаңыз, оларды сөндірмеңіз;
балаларға өрт қауіпті заттармен ойнауға рұқсат бермеңіз;
саяжайдың айналасында құрғақ шөп шабу.

Добавить комментарий