СҚО әкімі шабуылдан зардап шеккен оқушылардың хал-жағдайын білді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров ауруханада шабуылдан зардап шеккен жасөспірімдердің хал-жағдайын білді.
Бұл туралы аймақ басшысы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Бүгінгі оқиғадан кейін ауруханаға түскен балалардың хал-жағдайын білдім. Балалармен тілдесіп, тезірек сауығып кетуін тіледім. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді, қазір олардың жағдайы тұрақты. Балалар дәрігерлердің бақылауында», — деп жазды әкім өз парақшасында.

Еске сала кетейік! 13 ақпан күні таңертең Петропавлда тоғызыншы сынып оқушысы үш жасөспірімді балтамен дене жарақатын салды. Шабуылға куә болған балалар қорқып қалған. Шабуылдан зардап шеккен екі адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылшы психдиспансерде есепте тұрған. Кәмелетке толмаған бала ұсталып, «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий