СҚО әкімі мен Саха Республикасының басшысы меморандумға қол қойды

СҚО мен Саха Республикасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа «Астана» халықаралық қаржы орталығында өткен екіжақты кездесу аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров пен Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев қол қойды.

Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды.

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдіріп, Саха Республикасының инвесторларын өңірдегі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Айдарбек Сапаров Айсен Николаевқа өңірдің экономикалық әлеуетін таныстырып, жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, сауда, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында өзара тиімді ұсыныстарын жеткізді.

Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев бұл кездесудің өзара тиімді ынтымақтастыққа серпін беріп, барлық жоспарлардың жүзеге асуына негіз болмақ деді. Республика басшысы машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы және энергетика саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Добавить комментарий