СҚО-да театрда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

СҚО билігі театрға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді, ол үшін шамамен 100 млн теңге бөлінеді.

Солтүстік Қазақстан облысында Н. Погодин атындағы орыс драма театрында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бюджеттен қосымша 98 млн теңге бөлінді.

Мәдениет басқармасының басшысы Досбол Әбдірісов әлеуметтік желідегі парақшасында қазір театрда жылу беру жүйесін жөндеп жатқанын хабарлады.

«Облыс басшылығы электрмен жабдықтау, жылу беру, өрт дабылы жүйесін күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 98 млн. теңге бөліп, қолдау көрсетті. Айтып кетсек, жалпы 12 жобаны іске асыруға (жөндеуге) 873 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 528 млн. тг. Ауыл — Ел бесігі бағдарламасы аясында. 11 жоба облыс аудандарында іске асырылады», — деп жазды Д. Әбдірісов.

2021 жылы драмтеатрда 20 жыл ішінде алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Қасбеттерді, киім ілетін бөлмені, екінші қабатты, кулуарларды ретке келтіріп, төбені, қабырғаларды, еденді жаңартып, жарықтандырды. Сол кезде жаңартылған ғимараттың таныстырылымы кезінде облыс әкімі Қ. Ақсақаловқа театр директоры Спартак Рамазанов жылу және электр жүйелерін жөндеу жұмыстарына тоқталған.

Добавить комментарий