СҚО-да битум тапшылығы мәселесі шешілді

Солтүстік Қазақстанда битум жетіспеушілігі мәселесі шешілді.

Жемқорлыққа қарсы қызмет битумды бөлуге қатысты бірнеше тексерістен кейін жағдайды түзету үшін нақты ұсынымдар әзірледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың мәліметі бойынша, битум тапшылығының себебі мұнай өнімдерін жол жөндеу жұмыстары маусымы басталғанға дейін төмен бағамен сатып алып, кейіннен жоғары бағамен сатылуына байланысты.

Соның нәтижесінде жұмыс жүргізу маусымында жеңілдіңті бағамен бөлінетін битум тапшылығы туындады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мердігерлік ұйымдар арасында жеңілдікті битумды бөлумен айналысады. Аталмыш процедура регламенттелмеген, ал мердігерлерді таңдау критерийлері жоқ.

Іс жүзінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «жеңілдікті» битум мердігердің іскерлік беделі және жобаларды мерзімінде аяқтау үшін битумның жетіспеушілігі сияқты критерийлерді ескере отырып бөлінеді. Осының бәрі объективті емес шешімдер қабылдаудан көрінетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді. Осы мемлекеттік қолдау шарасын реттеу үшін Департамент уәкілетті органға Агенттіктің орталық аппараты енгізген ұсынымдар әзірледі, — деді Сергей Перов. Ол аталған мемлекеттік қолдау шараларын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жоспарланғанын атап өтті.

 

Добавить комментарий