СҚО-да қармен жабылған ер адамның денесін тапты

СҚО-да, далада қармен жабылған ер адамның денесін тапты. Хабарланғандай, кеше, 11 қаңтар сағат 16.00 шамасында СҚО Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 5 шақырымдай жерде орналасқан орман алқабының жанынан ТЖ және полиция қызметкерлерінің іздеу тобы Новоишимское ауылының 31 жастағы тұрғынының қармен жабылған денесін тапты

Ол 9 қаңтардан бері із-түссіз жоғалды. Оны іздеу туралы арызбен ер адамның анасы жүгінді. Екі танысымен бірге балық аулауға шыққан ауыл тұрғыны қайтып оралмаған.

Қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні Новоишимское ауылынан келген үш балықшы Ступинка ауылының жанындағы көлде болғаны анықталды. Сағат 23.00 шамасында спирттік ішімдіктерді бірге отырып ішкеннен кейін, олардың бірі Сергеевка қаласындағы туысына жаяу баратынын айтқан. Жанындағы таныстары қарлы боранда түнде жаяу жүрмеуге шақырған. Алайда, олардың сөздеріне көнбей, кетіп қалған.

Іздеу жұмыстарына аудандық полицияның жеке құрамы, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Жоғалғанның денесінен ешқандай қылмыстық бегілер байқалмады. Оның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша анықталатын болады.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде адамның жоғалу фактісі бойынша тіркелді. Процессуалдық тексеру жүргізілуде.

Добавить комментарий