СҚО-да 48 га орманды алқап жойылды: әкімдіктің түсініктемесі

СҚО-да «Сырымбет» қалайы кен орнында игерушілер үшін 48 га орманды алқап жойылды.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, «Tin One Mining» АҚ кен орнын игеруге құқығы бар отандық инвестор болып табылады.

Аталған кен орны Сырымбет ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым, Саумалкөл ауылынан солтүстікке қарай 25 шақырым жерде орналасқан, ол «Имантау-Шалқар курорттық аймағына» кірмейді.

Кен орнын игеру аумағында (48,5 га) шамамен 3 мың текше метр ағаш бар. Басым бөлігі — қайың.

Фото: СҚО-да 48 га орман алқабы жойылды, облыс әкімдігі бұұл кен орнын игерушілерге қажет болды деп ақталды.

Салыстыру үшін облыста жылына шамамен 350 мың текше метр қайың отын үшін дайындалады. Сонымен қатар, қайта ағаш отырғызу есебінен бұл көлем екі есе көп өсірілуде.

Өз кезегінде, орман қоры жерлерін «Tin One Mining» АҚ беру кезінде орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу бойынша бюджетке төлем жасаудан басқа, жойылатын учаске ауданынан екі есе мөлшерде, яғни 97 гектар алқапқа ағаш отырғызуды міндеттейді.

Ағаштардың қашан және қайда отырғызылатыны және көшеттерді күтіп-баптауды кім қолға алатыны хабарланбады.

Добавить комментарий