Сәбилер үйінде балаларды 6 жасқа дейін қалдыру ұсынылды

ҚР заңнамасына балаларды сәбилер үйінде қалдыру мерзімін үш жастан алты жасқа дейін ұзартуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу ұсынылды.

Үкімет бұл бастаманы қолдады, деп ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің депутаттық сауалға жауап берді.

«Үкімет балалардың Сәбилер үйінде алты жасқа дейін қалдыру мерзімін ұлғайту бастамасын қолдайды, өйткені бұл балалардың психологиялық тұрғыдан тұрақты және өмірдің келесі кезеңдеріне дайындалуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметкерлер штатын жасақтау, материалдық-техникалық базаны жабдықтау, ықтимал шығындарды анықтау мәселелерін пысықтау сияқты ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажет», — делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министр балалардың Сәбилер үйінде қалу мерзімін ұзарту үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ «ҚР бала құқықтары туралы» заңға енгізілуі тиіс өзгерістер пысықталатынын атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда осындай 20 Сәбилер үйі жұмыс істейді, онда 833 бала тәрбиеленуде.

Бұған дейін парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Асқар Маминге балалардың Сәбилер үйінде қалу мерзімін алты жасқа дейін ұзартуды сұраған болатын. Ол үш-төрт жасында сәбилер үйіне немесе мамандандырылған интернатқа көшу балаларға психологиялық жарақат пен күйзеліске ушырауына әсер етеді деп атап өтті.

Добавить комментарий