
Украинада арнайы операцияның басталғанына бір айдан астам уақыт өтті, ол биліктің болжамынша, әлдеқашан аяқталуы керек еді. Ұжымдық Батыс салған экономикалық санкциялар ел экономикасын құрдымға жіберді, ал оның салдарынан қарапайым ресейліктер зардап шегуде, деп хабарлайды батыс саясаттанушылары. «Сонымен қатар, үкіметтің арнайы операция деп атаған соғыстың мақсаты үнемі өзгеріп отырғандықтан, неліктен халық өз әл-ауқатын құрбан етуі керектігі әлі күнге дейін түсініксіз», — деп жазады мамандар.
Стратегиялық өнімдерді, тұрмыстық тауарларды, азық-түлікті импорттауға және экспорттауға тыйым салу, кейбір банктерді SWIFT жүйесінен ажырату, доллар мен еуроны әкелуге тыйым салу, шетелде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға тыйым салу — бұл Украинада басталған арнайы операцияның салдарынан ресейліктерге салынған шектеу шараларының жалпы және әлі де толық емес тізімі.
Әскери науқан басталар алдында Владимир Путин «санкциялар кез келген жағдайда салынатынын айтқан. Алайда, украиналық саясаттанушылардың жазуынша, сол кезде санкция қарапайым халыққа да әсер ететінін ешкім түсінбеген. 2014 жылы Қырым қайтарып алғанда Батыс санкция салғанымен, ресейліктерге оның әсері қатты білінбеді. Азық-түлік бағасы мен коммуналдық тарифтер шамалы көтерілді, бірақ көп ұзамай орташа жалақы өсті, ал кейбірінің кәсібі өрге домалады.

Ресей мен Украинаның қарулы қақтығысы Ресей экономикасын құрдымға жіберді, деп есептейді батыстың саясаттану саласындағы мамандар
«Не дегенмен, осы жолы нағыз санкция салынды. Санкция салына салысымен кейін рубль бағамы күрт құлдырап кеткен еді, енді бұрынғы позициясына оралды. Дегенмен, халық банктерден шетелдік валютаны сатып ала алмауда, ал дүкен сөрелері бара-бара босап жатыр. Үкімет Батысқа көмірсутекті еуроға сатып, өндіруші компанияларға рубльмен төлеуде, — деп жазады украиналық БАҚ.

Ресей мен Украинаның қарулы қақтығысы Ресей экономикасын құрдымға жіберді, деп есептейді батыстың саясаттану саласындағы мамандар
«Ресей нарығын кеткен шетелдік компанияларда жұмыс істегендер жұмыссыз қалды, көбісі елден кетіп қалды, олар ешқашан қайтып оралмайды. Уайым-қайғысыз өмірге үйренген ресейліктер Орталық Азия елдеріне көшуге мәжбүр, аталған аймақтың тұрғындары жақында ғана нәпақа табу үшін Ресейге ағылып барған болатын», — дейді украиналық саясаттанушылар.