Ryanair ұшағындағы тағы бір бомба: әуе көлігі Берлинге қонды

Берлинде Ryanair әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Лайнер Дублиннен Краковқа қарай бет алған.

Берлинге ұшақтың шұғыл түрде қонуы ЕО тарапынан ешқандай наразылық тудырмады.

Ұшақ экипажының өзі қону туралы шешім қабылдағаны хабарланды.

Жолаушылар ұшақтан шығарылып, жүктерді тексерді. Арнайы қызметтердің мәліметінше, ұшақ бортында жарылғыш зат табылған жоқ.

Берлин полициясы аталған рейстің жолаушылары Польшаға басқа рейспен ұшып кететінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік! Осыған ұқсас оқиға Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан Ryanair әуе компаниясының ұшағына қатысты орын алған болатын. Лайнердің экипажы бомба қойылғаны туралы хабарлама алған соң, Минск әуежайына ұшақты мәжбүрлі түрде қонған.

Арнайы қызмет өкілдері ұшақ пен жолаушыларды тексергеннен кейін жарылғыш затты таппады.

Есесіне жолаушылар арасында Минск әуежайының аумағында халықаралық іздеуде болған NEXTA Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевичті тапты, ол жүретін қызымен бірге ұсталды.

Добавить комментарий