Румыния 10 ресейлік дипломатты персона нон грата деп жариялады. Бұл туралы сейсенбі күні румындық СІМ-нің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған. «Румыния билігі ел аумағында РФ-ның Бухаресттегі елшілігінде жұмыс істейтін 10 қызметкерді персона нон грата деп жариялау туралы шешім қабылдады, себебі олардың қызметі 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне қайшы келеді», — делінген хабарламада. Румыния СІМ ресейлік дипломаттарға бұл шешім хабардар етілгені атап өтілді.