Рудный қаласының түбінде жантүршігерлік жол апаты болды. Рудный маңында, Қостанай-Қарабұтақ тас жолының айналма жолында жүк көлігі жеңіл көлікті мыжып тастады
Рудный қаласының маңындағы Қостанай — Қарабұтақ айналма жолында жеңіл көлік жүк көлікпен соқтығысты. Үш адам қаза тапты, сотқа дейінгі тергеу басталды.
17 шілде күні сағат 07:40 Қостанай-Қарабұтақ айналма жолының 56 шақырымында жол апаты болды. Nissan маркалы көліктің жүргізушісі маневр жасай отырып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысты.
Жол апатынан үш адам қаза тапты — жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы «ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.