Жедел-іздестіру шаралары барысында Рудныйда екі адам өлтірді деген күдіктінің жеке басы анықталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтағаны бойынша, дау ішімдік ішу кезінде, адамдар арасындағы жанжал салдарынан орын алған.
Қостанай облысының полицейлері Рудныйда екі адам өлтірді деген күдікті ұстады. ҚР ІІМ ресми сайтының мәліметінше, бұл 41 жастағы ер адам бұрын кісі өлтіргені және ұрлағаны үшін сотталған.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотталған 41 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыс алкогольді ішімдік ішіп, арты төбелеске ұласқан кезде жасалған, — деп атап өтті ДП бастығының орынбасары Талғат Өтетілеуов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 18 тамызында сағат 11.48-де Рудный қаласының учаскелік полиция инспекторы «102» пультіне түскен хабарламаны тексеру кезінде 53 жастағы ер адам мен оның 43 жастағы әйелінің мәйітін тапқан. Оқиға болған жерді тексеру кезінде өлімнің күштеп өлтірілгені анықталды.
Осы факті бойынша «Адам өлтіру» 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады облыстық ДП бастығының міндетін атқарушы Негмет Исмағұлов.