Соңғы күндері рубль бұрынғы позициясына қайта оралғаны байқалады. Ресей валютасы бір доллар үшін 79,7-ге дейін нығайды.
Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысқа дейінгі рубль бағамы осындай болған.
Батыс сарапшылар бұл бірнеше себептерге байланысты болып отыр деп есептейді:
Ресейде валюта сатып алуға 12 пайыздық жалпыға бірдей комиссия бар;
9 наурыз бен 9 қыркүйек аралығында РФ ОБ қолма-қол валютаны сатып алуға тыйым салды;
экспорттық түсімнен алынған бес доллардың төртеуін ресейлік компаниялар рубльге ауыстыруға міндетті, ал газ үшін — бес доллардың бесеуін мәжбүрлі түрде айырбасталады.
бір айдың ішінде РФ Орталық банкі интервенцияға $38,8 млрд жұмсады.
Осылайша, ресейлік нарықта шетелдік валюта тым көп болды, ал оны сатып алатын жан болмады, дейді батыс саясаттанушылары.