Әртүрлі елдердің тұрғындары азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?

Қазақстан халықтың отбасылық бюджетіндегі тамаққа көп шығындалатын еуропалық елдер арасында көшбасшы болып шықты, ал Люксембургте азық-түлікке ең аз ақша жұмсалады. РИА Новости порталының зерттеу нәтижелері осындай.

Сарапшылардың мәліметінше, еуропалық елдердің отбасылық бюджет шығындарының басым бөлігі азық-түлік сатып алуға жұмсалады. Бұл ретте әрбір нақты мемлекетте өмір сүру жағдайларына байланысты шығындардың жалпы көлеміндегі тамақ шығындарының үлесі айтарлықтай айырмашылықта.

«Экономикалық жағдайы қолайлы және халықтың табысы жоғары елдерде азық-түлік шығындары басқа шығындарға қарағанда аз және көбінесе жалпы отбасылық шығындардың 15 пайызынан аспайды. Қалған қаражатты осындай елдердің тұрғындары ойын-сауыққа, саяхатқа, білім алуға, дәмханалар мен мейрамханаларға баруға, үй тауарларына, техника мен басқа да тауарлар мен қызметтерге жұмсайды.

Басқа жағдай экономикалық тұрғыдан қолайлы емес елдерде байқалады. Мұндай мемлекеттер тұрғындарының әл-ауқат деңгейі өнімдермен, тауарлар мен көрсетілетін қызметтермен салыстырғанда екінші дәрежелі сомаларға айтарлықтай қаржыны жұмсауға мүмкіндік бермейді. Мұнда тұрғындар өз қаражатының едәуір бөлігін азық-түлік сатып алуға жұмсауға мәжбүр, бұл барлық үй тұтыну шығындарының жартысынан асады», — деп түсіндіреді зерттеу авторлары.

Рейтингте бірінші орынды Люксембург иеленді. Бұл елдің тұрғындары азық-түлік сатып алуға өз шығындарының 8,4 пайызын ғана жұмсайды. Содан кейін шығындардың 10,6 пайызымен Нидерланды мен Ұлыбритания орналасқан. Сонымен қатар, Ирландия, Германия, Финляндия, Аустрия және Норвегия тұрғындары отбасылық шығынның шамамен 12 пайызын тамаққа жұмсайды. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, рейтингтің жоғарғы бөлігінде экономикасы дамыған Батыс Еуропа елдері тұр.

Тұтыну шығындарындағы азық-түлікке көр ақша жұмсайтын ең көбі — бұрынғы КСРО елдері мен Шығыс Еуропа мемлекеттерінің тұрғындары. Соңғы орында Қазақстан тұр, мұнда тұрғындар отбасылық бюджеттің ең үлкен үлесін тамаққа жұмсайды — 49,4 пайыз.

Украина және Молдова тұрғындары шығындарының 40-дан аса пайызын азық-түлікке жұмсайды.

Ресей Черногориямен 30-шы және 31-ші орындарды бөлісіп, рейтингтің төменгі бөлігінде тұр.

Қонақ үйлерге, мейрамханалар мен кафелерге кететін шығындар

Қонақ үйлерге, мейрамханалар мен дәмханаларға жұмсалатын отбасылық бюджет шығындарының үлесі де белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейін көрсетеді, деп түсіндіреді сарапшылар: әдетте, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, өмір сүру жағдайы соғұрлым қолайлы болады. Алайда ел тұрғындарының бұрыннан қалып қалған әдеттері, үйден тыс тамақтануы жұмсаған шығындарға белгілі бір әсер етеді.

Қоғамдық тамақтану мен қонақ үйлерге жұмсалатын шығындардың ең үлкен үлесі Грекияда байқалады — 11,1 пайыз. Екінші орында — 11 пайызбен Швейцария, шамамеен 10 пайыздық шығын Испания тұрғындарының үлесіне тиесілі. Ресей мейрамханалар мен қонақ үйлерге жұмсалатын шығындар үлесі бойынша 3,5 пайыздық үлеспен рейтингтің төменгі бөлігінде тұр. Сербия, Литва және Солтүстік Македония жақын мағынаға ие.

Көршілес Румыния мен Молдавия тұрғындарының кафелер мен қонақ үйлерге жұмсалатын шығындар үлесі бойынша Еуропадағы ең төменгі көрсеткішке ие: тиісінше 2,1 пайыз және 2,6 пайыз. Отбасылық бюджет шығындарының 3 пайыздан азы Қазақстан, Беларусь және Хорватия азаматтарында да осы мақсаттарға жұмсалады.

Демалуға және мәдени орындарға жұмсалатын шығындар

Сондай-ақ, сарапшылар еуропалықтардың отбасылық бюджеттерінің демалуға және мәдени орындарға жұмсалатын шығындарының көрсеткіштерін талдады. Мұнда экономикалық жағынан қолайлы батыс еуропалық елдер — Швеция (18,7 пайыз), Ұлыбритания (13,1 пайыз) және Австрия (11,5 пайыз) көшбасшылар болып табылады. Оның үстіне алғашқы екі мемлекетте демалуға және мәдени орындарға жұмсалатын шығындардың үлесі тіпті тамақ шығыстарының үлесінен де асып түседі.

1,7 пайыздық ең төмен үлеске Қазақстан тұрғындары ие. Сондай-ақ, өз шығындарының 3 пайыздан азы Солтүстік Македонияда (1,8 пайыз), Украинада (2 пайыз) және Молдавияда (2,8 пайыз) отбасымен демалуға және мәдени орындарға жұмсалады. Ресей демалыс және мәдени орындарға шығындарының үлесі бойынша 8,4 пайыздық мәні бар еуропалық мемлекеттер тізімінің жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Добавить комментарий