Ростов-на-Дону: Z белгісі бар көлікті өртеп жіберген ерлі-зайыпты ұсталды

Қолда бар ақпарат бойынша, ерлі-зайыпты бұзақылық жасаған. Олар Z жапсырмасы бар Toyota Corolla көлігін өртеп жіберген. Көліктің иесі полиция қызметкері екенді хабарланды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 24 және 22 жастағы ерлі зайыпты бірнеше күн ІІБ-ның жанындағы көлік тұрағында тұрған полиция қызметкерінің көлігін аңдыған. ІІМ хабарлауынша, олар көліктің капотына «жанғыш зат» құйып, өртеп жіберген.

Күдіктілер көршілес өңірге қашып кеткен, кейін Ростов-на-Донға қайтып келіп, орманда бой тасалап жүрген. Көп ұзамай олар ұсталды. ІІМ тінту кезінде олардан револьвер мен оның патрондары, сондай-ақ «ұлтшылдық сайттар жазылған» ұялы телефондар және «қылмыстық әрекет жасағаны үшін ақша төленгені» жазылған смс-хабарламалар табылғанын хабарлады.

ІІМ күдіктілер көлікті өртегені үшін криптовалютамен 15 мың рубль алғанын айтты.

«Күдіктілер аталған арнаны Украина аумағындағы неонацистік идеологияны ұстанушылар басқаратынын білгенін және ол жерде көлікті өртеуге және өзге де қылмыстарды жасауға шақырғанын хабарлады», — делінген ІІМ хабарламасында.

Олар тергеу изоляторларына қамалды, олар бөтеннің мүлкін қасақана жойды (РФ ҚК 167-бабының 2-бөлігі) деп айыпталуда.

 

Добавить комментарий