Ростов-на-Донда қырымтатар белсенді 18 жылға бас бостандығынан айырылды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/05/speech-54841-1685009847-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қырым татар белсендісі Эрнес Сейтосманов 18 жылға сотталды, ол жазасын Ростов-на-Дондағы қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Ресейдің Оңтүстік округтік әскери соты қырымтатар белсендісі Эрнес Сейтосмановқа қатысты үкім шығарды, ол 18 жыл бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Бұған дейін оның бауыры Энвер 17 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Эрнес Сейтосманов Ресейде тыйым салынған Хизб ут-Тахрир ислам саяси партиясымен байланысы сотталуына негіз болды. Аталған партия Украинада және әлемнің басқа елдерінде еркін жұмыс істеп келеді.

Назар аударыңыз! Қазақстанда сот 2005 жылы «Хизб-ут-Тахрир» қызметіне экстремизм үшін тыйым салды

Мемлекеттік айыптаушы Владислав Кузнецов 37 жастағы айыпталушыны 18 жыл бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуді талап етті.

2019 жылғы 5 желтоқсанда сот шешімімен Энвер Сейтосманов 17 жылға бас бостандығынан айырылған. Енді оның ағасы Эрнес Сейтосманов 18 жыл бас бостандығынан айырылды, алғашқы төрт жыл жазасын ерекше жағдайда түрмеде өткізеді, содан кейін түзеу колониясына ауыстырылады.

Жазасын өтеп шықаннан кейін Сейтосманов бір жарым жылға бас бостандығы шектеледі. Ол айына екі рет ЖОФҚ-ға (Жазаны орындау федералдық қызметі) тұрақты түрде келу, кешкі сағат 10-00-ден таңғы 06-00-ға дейін үй режимін сақтау, ЖОФҚ-ға алдын ала хабарлаусыз тұрғылықты жері мен жұмысының ауыстырмауы керек, сондай-ақ бұқаралық іc-шараларға баруына тыйым салынады.

Добавить комментарий