«Ростехтің» YouTube-тегі арнасы бұғатталғаннан кейін, ресейлік алаңға көшіп жатыр.
«Бүгін Google санкцияларға байланысты «Ростехтің» YouTube-тегі арнасы бұғатталғанын хабарлады (…) Біз бұған дайын болдық және барлық бейнероликтерді — олардың саны көп, 230-дан астамын — ресейлік алаңға көшіріп үлгердік. Бүгіннен бастап бізді Рутубтан таба аласыздар», — деп хабарлады Ростехтің баспасөз қызметі.
Хабарламада сондай-ақ, «Ростехтің» арнасында жылына 45 мыңға жуық жазылушы мен жүздеген мың көрермен болғаны айтылған.
Маусым айының соңында «Ростех» Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты АҚШ-тың санкциясына ұшырады.
«Ростех» мемлекеттік корпорациясы 2007 жылы азаматтық және әскери мақсаттағы жоғары технологиялық өнеркәсіптік өнімдерді әзірлеуге, өндіруге және экспорттауға жәрдемдесу үшін құрылған болатын. Корпорацияны Сергей Чемезов басқарады.