«Ростехтің» еншілес компаниясындағы жымқыру: компания 35,7 млн рубльден айырылды

Ресейде «Ростех» корпорациясында ірі көлемде қаражат жымқыру туралы қылмыстық іс қозғалды. Оның еншілес құрылымы 37,5 млн рубльден айырылды.

Хабарланғандай, қаражат карбоннан сүйек импланттарын жасауға бөлінді, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Инновацияны әзірлеумен корпорацияның еншілес компаниясы — «Швабе» АҚ айналысқан. Алайда импланттар нарыққа шықпады. 2022 жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласының прокуратурасы бойынша тергеу басқармасы аса ірі көлемдегі алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ашық ақпарат көздері.

2017 жылы «Швабе» компаниясы көміртегі композициялық материалдардан, атап айтқанда карбоннан жасалған импланттарды әзірлеу жобасын іске қосты. Ол кезде мұндай өнім Ресейде өндірілмеген- АҚШ, Израиль, Германия және басқа да елдерден импортталған.

Жобаны іске асыру үшін арнайы құрылым — «Швабе-Карбон» ЖШС құрылды, ал «Ростех» мемлекеттік корпорациясы қорының қаражатынан 70 млн рубль бөлінді. Аталған соманың жартысы, шамамен 35,7 млн рубль жобаның негізгі мердігері — «ИнКар-Спайн» ЖШС Пензаға аударылды. Тергеу мәліметтері бойынша, аталған қаражат жымқырылған болуы мүмкін.

«Тергеу аталған компания «Швабе-Карбонмен» жасалған келісім-шарттар бойынша жұмысты толық көлемде орындауды жоспарлаған жоқ деп күдіктенеді. Әзірге жеке басын анықталмаған тұлғалар сынақтар туралы жалған тапсыру-қабылдау актілерін әзірлеген, оны «Швабе-Карбон» тапсырыс беруші-компаниясы мақұлдады.

Нәтижесінде Пензадағы мердігердің шотына 35,7 млн рубль көлемінде қаражат аударылды. Қаражат олардың шотына түскеннен кейін олар қаражатты өз қалауы бойынша басқарған. «Швабе» АҚ-5а аса ірі көлемде залал келтірді», — деп хабарлайды ресейлік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып.

Жобаны жүзеге асыру кезіндегі жалпы шығындар 70 млн рубльге жетті, өйткені оған бөлінген ақша ауаға кеткен — бұйымның прототиптері сапасыз болып шықты, клиникалық сынақтан өтпеген.

Добавить комментарий