Ресей тиісті құжаттары жоқ бидайды елден шығаруға тыйым салды.
«Россельхознадзор» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай: «2022 жылғы 26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Россельхознадзор басқармасының Алтай өлкесі және Алтай Республикасы бойынша инспекторлары РФ мемлекеттік шекарасының Ресей-Қазақстан учаскесінде карантинге жатқызылған өнімдерді екі рет Қазақстан Республикасына заңсыз шығару әрекетінің жолын кесті.Алтай өлкесі Третьяков ауданында 48,5 тонна азық-түлік бидайын Қазақстан Республикасына шығаруға тыйым салды», — делінген хабарламада.
«Россельхознадзор» хабарлағандай, өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын фитосанитариялық сертификаты болмаған, бұл Ресей аумағынан карантинге жатқызылған өнімдерді шығару тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) заңнамасын өрескел бұзу болып табылады.
«Бидай фитосанитариялық бақылау мен рұқсат беретін құжаттар рәсімделгенге дейін ұсталды», — делінген хабарламада.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
«2022 жылдың басынан бастап Россельхознадзор басқармасының Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы бойынша қызметкерлері мен Алтай кедені, Алтай өлкесі бойынша ФҚҚ шекара басқармасы, Алтай өлкесі бойынша мемлекеттік автожол қадағалау өңіраралық басқармасы және Алтай Республикасы Ространснадзор қызметкерлерінің тығыз ведомствоаралық өзара іс-қимылының арқасында фитосанитариялық сертификаттарсыз карантинге жатқызылған жоғары фитосанитариялық тәуекел өнімдерді, яғни 32 м (кесілген ағаш) мен 68,5 тонна (азық-түлік бидайы) шығарудың жолын кесті», — деп толықтырды «Россельхознадзор».