Дмитрий Рогозинге ота жасалып, оның арқасынан оқ алынды.
Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда ол Донецк қаласында атқылауға ұшырап, оқ жарақатын алған болатын.
«Дмитрий Олеговичке мойын омыртқасы тұсынан украиналық оқ-дәрінің сынығын алу бойынша күрделі ота жасалды. «Операция сәтті өтті, оның беті бері қарап келеді», — деп жазады ресейлік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап.
22 желтоқсанда Донецк қаласы Ленин ауданындағы атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды. Зардап шеккендер арасында Донецк Халық республикасының премьері Виталий Хоценко мен «Роскосмостың» экс-басшысы Дмитрий Рогозин бар.Рогозиннің көмекшісінің айтуынша, дәрігерлер оған контузия мен арқа тұсында «омыртқа маңындағы оң жақ қабырғаның үстінде» металл сынығы жарақаты диагнозын қойған.
Рогозин жарақат алғаннан кейін алдымен Донецк қаласынан Ростов-на-Дону госпиталіне, содан кейін Мәскеуге жеткізілді.