«Роскосмос» алыс ғарышты игеру үшін АҚШ-пен диалогқа дайын екендігін мәлімдеді

«Роскосмос» америкалық тараппен алыс ғарышты игеру мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға мүдделі, деп хабарлады мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

«Алыс ғарышты игерудің ғылыми-технологиялық әлеуетін сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, Ресей тарапы жағдайды бақылауды жалғастыруда және америкалық тараппен өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға дайын», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, «Роскосмос» айға жақын Gateway станциясын құру жобасы аясындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды пысықтау нәтижесінде ресейлік тарап аталған бағдарламаға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын айтты.

Мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозин өзінің Telegram-арнасында «Роскосмос» ешқашан Gateway бойынша сарапшылар тобына кірмегенін айтып, РФ-ның халықаралық топтан шығарылғаны туралы хабарламаны жоққа шығарды.

Рогозиннің айтуынша, «Роскосмос» NASA америкалық ғарыш ведомствосынан бірнеше рет Gateway сұрауы бар құжаттарды алған, сондай-ақ осы тақырыпқа арналған ашық брифингке қатысқан.

«Бірақ біз барлық қатысушылар тең құқылы болатын жобаға қатысуға дайын екенімізді бірнеше рет мәлімдегенбіз», — деп атап өтті мемлекеттік корпорация басшысы.

Ол Gateway — сыртқы серіктестердің қатысуы шектелген америкалық жоба екенін еске салды, бұл ретте, Ресейде Айды зерттеудің өз бағдарламасы бар.

2017 жылы «Роскосмос» пен NASA айға жақын Gateway станциясын құру туралы келісімге қол қойған. Кейін Рогозин жобаны америкаландырылған деп атады.

Шартқа сәйкес, Ресей станцияның бір ғана модулін — ашық ғарышқа шығуға арналған шлюзді құруға тиіс болды. АҚШ жобаға негізгі үлес қосты. Салымға сәйкес жобадағы елдің рөлі ескерілді. Рогозин Халықаралық ғарыш станциясы сияқты тең құқылы қағидаттарына негізделген жағдайда ғана жобаға қатысуға дайын екендігін мәлімдеді.

Добавить комментарий