Роскомнадзор YouTube-тан кеңестік фильмдерді бұғаттаудан шығаруды талап етті

Роскомнадзор YouTube интернет-ресурсынан кеңестік фильмдер бар арналарды бұғаттаудан шығаруды талап етті.

Еске сала кетейік! 12 наурызда түнде «Советское телевидение» және «Советское радио» мемлекеттік телерадиофондының YouTube арналары бұғатталды.

Роскомнадзор YouTube-тан кеңестік телевизиялық және радиобағдарламалар бар Мемтерадиофондтың арналарын бұғаттаудан шығаруды талап етті. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланған.

Мемлекеттік телерадиофондының «Советское телевидение» және «Советское радио» YouTube арнасы 12 наурызда түнде бұғатталды.

Роскомнадзор Google-дан осы арналарға салынған шектеулерді барынша қысқа мерзімде алып тастауды және неліктен бұғатталғанын түсіндірдіріп беруін талап етті.

«Бейнехостинг әкімшілігінің мұндай әрекеті ақпаратты еркін таратудың және оған кедергісіз қол жеткізудің негізгі қағидаттарына түбегейлі қайшы келеді. Ведомство аталған арналарға қатысты шектеулерді орынсыз деп есептейді», — делінген хабарламада.

Роскомнадзор телевизиялық және радиобағдарламалардың мемлекеттік қоры (Мемлекеттік телерадиокомпанияның) — ХХ-ХХІ ғасырлардағы ресейлік және кеңестік өндірістің бейне — және аудиоматериалдардың ең ірі әлемдік мұрағатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін ВГТРК телерадиокомпаниясының филиалы екенін атап өтті.

11 наурызда Youtube бүкіл әлем бойынша ресейлік мемлекеттік телеарналарды бұғаттай бастады. Компания мұндай шешім Украинадағы оқиғалармен байланысты екенін түсіндірді. Соған дейін бейнехостинг РФ-дағы өз платформасында монетизацияның барлық мүмкіндігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады

Добавить комментарий