Роскомнадзор Google компаниясынан RT-дің (Russia Today) YouTube арнасына қарсы енгізілген шектеулерді алып тастауды талап етті.
Бұл туралы сейсенбі күні ведомствоның сайтында хабарланды.
«Роскомнадзор Google LLC компаниясының басшылығына ресейлік БАҚ Russia Today-дің YouTube арнасынан барлық шектеуді барынша қысқа мерзімде алып тастауды талап етіп, хат жолдады», — делінген хабарламада.
Бұған дейін бейнехостинг Russia Today-дің YouTube арнасындағы бірнеше материалдарды бұғаттап, тікелей трансляция жүргізуге тыйым салған болатын. Роскомнадзор «YouTube бейнехостинг әкімшілігінің мұндай әрекеті ақпаратты еркін таратудың, оған кедергісіз қол жеткізудің негізгі қағидаттарын бұзады және ресейлік БАҚ-қа қатысты цензура актісі болып табылады» деп атап өтті.
«Ведомство барынша қысқа мерзімде барлық шектеулерді алып тастауды, сондай-ақ олардың енгізілу себептерін түсіндіруді талап етеді», — делінген хабарламада.
Роскомнадзор 2021 жылдың төрт айында ресейлік БАҚ-тың бес аккаунты мен 10 материалы бұғатталғанын еске салды.
Ресейлік заңнамаға сәйкес, интернет-ресурстар иелерінің ресейлік БАҚ цензурасы, сонымен қатар, желіде ресейліктердің құқықтары бұзылғаны туралы ескертпелерді елемесе 1 млн рубльге дейін әкімшілік айыппұл салынады, ал талапты қайтадан бұзатын болса айыппұл 3 млн рубльге дейін өседі.