Батыс елдерінің барлығы дерлік Ресей Федерациясының үкіметін адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп айып тақты. Мәселен, Батыс РФ билігін қылмыстық құқықбұзушылық үшін жазасын өтеп жатқан оппозиционер Алексей Навальныйды қудалау әрекеті үшін айыптады. Бірақ Ресей үкіметі жағдайды реттеу үшін ешқандай шара қабылдамады.
Оның үстіне, Роскомнадзор оппозициялық БАҚ-қа қарсы, соның ішінде интернетте сыни материалдар жариялайтын ақпарат құралдарына қарсы күресті бастады.
Осылайша, Роскомнадзор басшысының орынбасары Вадим Субботин Twitter-дің РФ аумағында заңға қайшы деп танылған контентті өшіруден бас тартқаны туралы мәлімдеме жасап, егер Twitter өкілдері Федералдық қадағалау қызметінің талаптарын елемейтін болса, онда бір айдан кейін оны соттан тыс тәртіппен бұғатталатынын айтты.
Сондықтан Twitter әкімшілігінде келіссөзге шығуға бір ай уақыт бар. Әуел баста Twitter-дің балалар порнографиясын, суицидке шақыру және есірткі туралы ақпаратты өшірмеуде деген тақырыпты қозғаған. Алайда, артынша ведомство проблеманың оппозициялық БАҚ-қа қатысты екенін аңғартты.
Мысалы, Роскомнадзор «МБХ медиа» аккаунтын өшіру керек деп мәлімдеді. Бұл талаптың себебі — басылымның сайты тыйым салынған ақпарат тізіліміне енгізілген. Роскомнадзор «МБХ медиа» твиттер аккаунтында «Ашық Ресейдің» ақпараттық материалдары жарияланғанын мәлімдеді. Бұл ұйымды Ресей Бас прокуратурасы РФ аумағында «жағымсыз» деп таныған.
«МБХ медиа» бас редакторы Вероника Куцыллоның мәлімдеуінше, бұған дейін басылымға ешқандай айып тағылып, ескерту жасалмаған. Бас редактордың айтуынша, басылым ешқандай ұйыммен байланысты емес және олардың материалдарын жарияламайды.
Екі апта бұрын Роскомнадзор Ресейде барлық мобильді құрылғыларда, сондай-ақ стационарлық компьютерлерде Twitter-дің жылдамдығын 50%-ға бәсеңдетті, себебі әлеуметтік желі тыйым салынған ақпараты бар материалдарды өшірмеді.
Енді әлеуметтік желінің Ресей аумағында бұғатталуы мүмкін. Роскомнадзор Twitter әкімшілігін өздерімен қарым-қатынас құруға мәжбүрлеп отыр, бірақ әзірге олардың ойлағаны болмады.
YouTube-те бұғатталуы мүмкін. Роскомнадзор Google LLC әкімшілігінен «Ржев.500 дней в огне» тарихи фильміне қатысты енгізілген барлық шектеулерді алып тастауды талап етті. YouTube тарихи деректі фильмді «кейбір пайдаланушылар үшін қолайсыз» контент дегеннен басқа ұсыныстар мен ілгерілетулерден неліктен алып тастағанын түсіндірмеді.
Роскомнадзор Google әкімшілігінің мұндай әрекеттері ақпаратты еркін таратудың, оған кедергісіз қол жеткізудің негізгі қағидаттарын бұзатынын және ресейлік БАҚ-қа қатысты цензура актісі болып табылатынын атап өтті.
Айта кету керек, YouTube-да контент бойынша қатаң шектеулер қойылған және бұл аталған сервистің ішкі ережелері.
Путиннің режимі Ресейдегі сөз бостандығын барынша шектейді. РФ үкіметі оппозиция тарапынан сынға төзбейді және оны барлық көріністерін ұстап тұрады. Ресей азаматтарына билікке қарсы кез келген мәселе бойынша рұқсат етілмеген митингілер мен демонстрацияларға шығуға тыйым салынған. Енді Twitter-ге қатысты қабылданып жатқан шаралар биліктің ғаламтор кеңістігінде билікке қарсы пікір білдіруге де тыйым салынуы мүмкін екенін аңғартады.