Рим папасы Тоқаевқа алғысын білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті Қазақстанға шақырды. Понтифик ел президентіне алғысын білдірді.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Рим папасы Франциск ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа келер жылдың қыркүйек айында Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне шақырғаны үшін алғыс айтты», — делінген хабарламада.

Ватиканға сапары барысында Қазақстан сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының атынан шақыру хатын табыс етті..

Сұхбат кезінде Сенат Спикері Қазақстанның конфессияаралық келісімді нығайтуға және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бастамалары туралы айтты.

«Этносаралық бейбітшілік және келісім, әр азаматтың діни көзқарасына деген құрмет қазақстандық мәдениет пен менталитеттің ажырамас бөлшегі. Біз толеранттылықты сақтауға және оны дәріптеуге баса мән беріп келеміз», — деді Әшімбаев.

Сұхбаттасушылар халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді де талқылады, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайға, жаһандық климаттың өзгеруіне және тағы басқа түйткілдерге назар аударды.

Добавить комментарий