Рига: ЕО Минскіге қарсы санкцияның бесінші пакеті бойынша келісімге келді

Латвияның Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс Еуроодақ Минскіге қарсы санкцияның бесінші пакеті бойынша уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабардар етті.

Атап айтқанда, ЕО мәліметі бойынша, Белоруське мигранттарды тасымалдауды ұйымдастыруға қатысы бар шенеуніктер мен компанияларға қарсы санкция салынады.

Еуроодақ елдерінің СІМ басшылары ЕО Сыртқы істер жөніндегі кеңесінің отырысында Беларуське қарсы санкциялардың бесінші пакетін қолдану туралы саяси келісімге қол жеткізді.

«Санкциялардың бесінші пакеті туралы келісімге қол жеткіздік, — деді ол. — Техникалық себептерге байланысты санкциялар бойынша әзірге толық ақпарат бере алмаймын, дегенмен санкциялардың бесінші пакеті осы процесті [мигранттарды Белоруське тасымалдауды] ұйымдастыруға қатысы бар Беларусь шенеуніктеріне, компанияларына, соның ішінде авиациялық компанияларға қарсы [салынады] деп жоспарлануда».

Ринкевичтің айтуынша, толығырақ ақпарат алдағы күндері жарияланады.

Добавить комментарий