Риддерде өңірлік ауқымдағы ТЖ режимі қайта жарияланды, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.
Ол қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктері барын, жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбегенін айтты.
Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды және шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде проблемалар туындады.
Облыс әкімі Instagram-дағы жазбасында ТЖ енгізу проблемаларды шешу және қала тұрғындарының қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шара болып табылатынын атап өтті.