РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке келді

Бүгін Нью-Йоркке Ресей Cыртқы істер министрі Сергей Лавров келді. РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова хабарлағандай, Лавров 25 сәуірде министрлік деңгейінде өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысу үшін келді. Отырыс қорытындысы бойынша Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу мәселесін талқылау жоспарлануда.

Алайда, белгілі болғандай, америкалық тарап Лавровпен бірге ұшып келуі тиіс ресейлік журналистерге виза беруден бас тартқан. Мария Захарова мұндай шешімге наразылық білдіріп, мұны сөз бостандығы мен журналистердің құқықтары бұзу деп атады. Сыртқы істер министрі Нью-Йоркке делегациясыз аттанды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы Сергей Лавровтың төрағалығымен өтеді. Еске сала кетейік, БҰҰ жарғысы Қауіпсіздік Кеңесінің кез келген мүшесін шығаруға рұқсат бермейді, алайда Еуропа елдері бұл мәселені шешу жолдарын іздестіруде.

Добавить комментарий