Украина аумағында кең ауқымды соғыстың басталғанына 8 айдың жүзі өтті. Қазіргі таңда сарапшылардың айтуынша, РФ Украинадағы агрессиясын тоқтатып, дипломатияға көшпейтін сыңайлы. Керісінше, Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жүргізіп, Иран мен Солтүстік Кореядан қару-жарақ сатып алуды жоспарлап отыр.
Украина тарапы 70 000 ресейлік сарбаз қаза тапқанын мәлімдеп отыр, киевтік сарапшылардың пікірінше, бұл Ресейде ішінара мобилизауия жариялауға түрткі болды.
Батыс әскери сарапшылары Ресей армиясының жауынгерлік қабілетті жоғары бөлімшелер ауыр жағдайда екенін атап өтті.
Шетелдік БАҚ РФ ауған коммандосын жалдауға тырысып жатқанын жазды. Ауғанстан Ұлттық армиясының коммандос корпусының мүшелері Ұлыбритания мен АҚШ-та даярлықтан өткені белгілі.
Басқа дереккөздер Беларусьте Ресей әскерлерінің қажеттілігі үшін жүргізушілер мен механиктерді жұмылдырып жатқанын айтып отыр. Хабарланғандай, Беларусь әскерилері уақытша басып алынған Мелитопольдің маңында байқалды.
Бірқатар шетелдік басылымдар Ресей Орталық Азия елдерінен келген мигранттарды өз қарулы күштерінің қатарына жұмылдырып жатқаны туралы материал жариялады. Расталмаған мәліметтер бойынша, Мәскеудегі көші-қон орталығында үш тілде (өзбек, тәжік және қырғыз) басқа мемлекеттердің азаматтарына Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасу ұсынылғаны жазылған ақпарат орналастырылған.
Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Ресей шетелдік жалдамалыларды, атап айтқанда Таяу Шығыс елдерінде, соның ішінде сириялық жауынгерлерді жалдауға әрекет жасап жатқаны хабарланды. Сондай-ақ украиналық тарап Ресейде жарақат алғанына байланысты жұмыстан шыққан әскери қызметшілерді қайта шақырып, адам шығындарының орнын толтыруға тырысып жатқаны хабарланды.
Соғысты зерттеу институтының сарапшылары осындай қорытындыға келді: Кремль Ресейдегі мобилизацияны жеңілдету үшін Украинаның оккупацияланған аумақтарында соғыс жағдайын енгізді.
Ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин басқаратын ресейлік жеке әскери компания Украинадағы соғысқа жіберу сотталған азаматтарды өз қатарына қосудаы. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, ЖӘК-тің қатарына қосылған жаңа сарбаздар АИТВ және C гепатиті сияқты жұқпалы ауруларға шалдыққан .
«Бұл соғыс қаншалықты ұзаққа созылатын болса, оған соншалықты көп ресейліктер тартылады. Ресей көптеген әскерилерінен айырылды, сондықтан олардың орнын қайта толтыруға тура келеді.