Ресей армиясының Украинаға баса көктеп кіруі Ресей президенті Владимир Путиннің ресейліктерді геосаяси амбициясын қанағаттандыру құралы ретінде пайдаланатынын көрсетті. Путин соғыста «оңай жеңіске жетемін» деп ойлаған секілді. Бірақ Ресей президенті үшін Украинадағы әскери науқан ойлағандай болмады. Керісінше, Ресей президенті көрші елге баса көктеп кіру туралы шешім қабылдай отырып, Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропа құрлығындағы ең ірі соғысты бастады.
Жиырма айдан астам уақыт бойы жүріп жатқан қарқынды соғыс қимылдары барысында ресейлік әскерилер өте көп шығынға ұшырап жатқаны құпия емес. Сондықтан ресейліктер Путин үшін өз амбициясын қанағаттандыру үшін қолданатын құрал ғана емес, осы соғыстың басты ресурсына да айналды. Путин үшін ресейліктердің басты құндылығы — «зеңбірекке жем» қыла алады.
Ресей әскері Украинаның кез келген қаласына жасаған шабуылы салдарынан өте көп адамынан айырылды. Угледар және Бахмут қалалары бірден еске түседі. Ресейлік әскерилер аталған елді мекендерге шабуыл жасай отырып, жеке құрамынан айырылды. Қазір РФ армиясы Купянск пен Авдеевкаға шабуылдап жатыр. Украина әскерилерінің мәлімдемелеріне сәйкес, оккупанттар Авдеевка бағытында шабуылдаудың үшінші толқынын бастады. Айта кету керек, бұған дейін УҚК Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный Авдеевканы бір ай белсенді шабуылдаудың (яғни шабуылдау әрекеттерінің алғашқы екі толқыны ішінде) Украина Қарулы Күштері 100-ден астам жау күштерінің танктерін, 250 бірлік басқа да броньды машиналарын, елуге жуық артиллериялық жүйені, 7 бірлік Су-25 жойғыш ұшағын және шамамен 10 000 ресейлік сарбазды жойды деп мәлімдеген болатын. Бірақ көріп отырғанымыздай, мұндай өте көп шығындар агрессор елдің әскери-саяси қолбасшылығын тоқтатпай отыр. Путин режимі өз сарбаздарын өлім ауызына жіберіп жатыр. Мұндай жағдай ресейлік әскерилердің Купянск бағытында да байқалып отыр.
РФ армиясы Авдеевканы әскери емес, саяси мақсатта басып алғысы келеді, бұған дейін Бахмутты дәл осындай мақсатта басып алған еді. Ресей армиясы екі жыл ішінде Донецк және Луганск облыстарының әкімшілік шекарасына жете алмады, сондықтан қандай да бір елді мекенді жаулап алып, оны ресейліктерге «үлкен» жеңіс ретінде «көрсетуге» болады.
Қалыптасқан жағдайда көптеген ресейлік сарбаздардың шабуылдаудан бас тартып, өз позициясын тастап кетіп жатқаны таңқалардық жағдай емес. Интернет желісінде Ресей әскерилерінің түрлі оқиғалары жарияланды, олар кез келген жолмен қашып кетуге тырысқан. Қашып кеткендердің барлығын сатқын деп атайды.
Бұны әділ десек болама? Путиннің геосаяси амбициясын қанағаттандыру үшін басталған оккупациялық соғысқа қатысып, «зеңбірекке жем» болғысы келмейтін адамды сатқын деп атауға бола ма? Путин режимі үшін қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны тек статистика, ал жақынынан айырылған әрбір отбасы қан жұтып қалады.