РФ СІМ басшысының орынбасары: АҚШ-пен қарым-қатынастың жақсаруын күтуге негіз жоқ

Ресей СІМ АҚШ-тағы президенттің ауысуы елдер арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына әкелмейді деп есептейді.

Бұл туралы сейсенбі күні РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков Ресей ғылым академиясы төралқасының «Ресей — АҚШ: жаһандық контекстегі қақтығыс пен өзара іс-қимыл» тақырыбындағы отырысында мәлімдеді.

«2021 жылғы 20 қаңтардан кейін Ақ үйге кім келсе де, Ресей-Америка қарым-қатынастарының қарқынды жақсаруына үміт артуға негіз жоқ. АҚШ-тың доктриналдық қағидаттарына және Конгресс арқылы ұсынылған және өткен заңнамалық актілер мен өзге де бастамалардың тұтас сериясына салынған Ресейге деген көзқарастардың инерциялылығы, ең бастысы, американдық мейнстримдегі қазіргі Ресейге көзқарастарының жалпы сәйкес келуі, кем дегенде, орта мерзімді перспективада жоғары траектория бойынша қозғалуға мүмкіндік бермейді», — деді Рябков.

Добавить комментарий