РФ СІМ басшысы РФ мен ҚР-ның ксенофобиямен бірлесіп күресіп жатқанын мәлімдеді

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстандағы орыс тілді азаматтарға қатысты ксенофобия жағдайлары туралы хабардар екенін айтты.

«Өкінішке орай, соңғы уақытта біз Қазақстанның орыс тілді азаматтарына қатысты бірқатар резонанстық ксенофобияның көріністеріне куә болдық. Жекелеген жағдайлар көбінесе жергілікті ұлтшылдықты өршіту және Ресеймен ынтымақтастықтың беделін түсіруге бағытталған арнайы ақпараттық әдістерді сырттан қолданудың нәтижесі», — деді Лавров «Российская газета»-да жарияланған сұхбаттарының бірінде.

Фото: Ресей сыртқы істер министрі Қазақстан мен Ресей ксенофобияның жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады

Сонымен қатар, министр Нұр-Сұлтанмен екіжақты қарым-қатынас деңгейі әрбір алаңдатарлық жағдайы бойынша жедел ортақ шараларды қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ол үшін СІМ, құқық қорғау және әділет органдары, сонымен бірге президент әкімшілігі арқылы тікелей байланыс арналарын тартамыз. Екі елдің үкіметтік емес секторының, сараптамалық және журналистік қоғамдастық арасында үйлесімді жұмыс жүргізілуде», — деп толықтырды Лавров.

Дегенмен, Қазақстанда маңдайшаларда міндетті түрде қазақ тілінде жазуын қарастыратын заң жобасын талқылануда.

Добавить комментарий