РФ: Үш адам өлтіріп, полиция бөлімшесінде жарылыс ұйымдастырған күдікті ұсталды

Федералдық іздеуде болған күдікті ұсталды, ол Воронеж облысында үш адамды өлтіріп, кейін милиция бөлімшесінің есігін жарып жіберген және полицейге оқ атып, жарақаттаған.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Воронеж облысында үш мәрте адамды өлтіріп, полиция бөлімшесінде жарылыс ұйымдастырған күдікті 54 жастағы Виктор Мирскийдің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«Күдіктіні ұстау кезінде ол қарулы қарсылық көрсетті, бірақ полиция қызметкерлерінің кәсіби әрекеттерінің арқасында қылмыскер қарусыздандырылды», — деп хабарлады РТК ресми өкілі Светлана Петренко.

«Арнайы операция барысында күдікті жарақат алды, оған медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта оның үйінде тінту жұмыстары жүргізілуде», — деп толықтырды.

Хабарланғандай, ол адам шошырлық қылмыс қылмыс жасамас бұрын үйіне бомба қойған. Жедел уәкілдер әзірге тек екі бөлмені ғана тексерді — қалғандарында детонаторлары бар газ баллондары орнатылған. Үйге жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар барады.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Добавить комментарий