Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу кезінде Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан адамдардың туыстарына көңіл айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Пермдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Өз кезегінде Владимир Путин Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл білдіруді сұрады», — делінген Кремльдің ресми сайтында.
Сондай-ақ, президенттер ҰҚШҰ мен ШЫҰ асясында таяудағы көпжақты іс-шаралардың жұмысын талқылап, қол жеткізілген уағдаластықтарға қанағаттанатынын білдірді.