РФ Орталық банкі қолма-қол шетелдік валютаны алуға шектеуді 2023 жылғы қыркүйекке дейін ұзартты

РФ Орталық банкі 2023 жылғы 9 қыркүйекке дейін Батыс елдері Ресейге қарсы енгізген санкцияларға байланысты қолма-қол шетелдік валютаны алуға шектеуді ұзартты.

Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін шетелдік қолма-қол валютаны алуға барлық қолданыстағы лимиттер сақталды. Валюталық шоты немесе салымы 2022 жылдың 9 наурызына дейін ашылған адам одан $10 мыңға дейінгі соманы немесе еуродағы балама соманы ала алады.

Банктерге алты ай бойы шоттардан немесе салымдардан валюта бергені үшін комиссия алуға тыйым салынады. Банктер азаматтарға 2022 жылдың 9 сәуірінен бастап кассаларына түскен доллар мен еуроны ғана сата алады.

Резидент заңды тұлғалар iссапар шығыстарына қолма-қол валютаны алса болады, алайда алдағы жарты жыл iшiнде 5 мың доллардан немесе еуро, фунт стерлинг, жапон иенi балама сомасынан аспауы тиіс. Резидент емес заңды тұлға қолма-қол доллар, еуро, фунт және иенді ала алмайды, бірақ басқа валюталарға шектеу жоқ.

Добавить комментарий