РФ Қорғаныс министрлігі жарақат алғандар «Азовстальдан» эвакуацияланғанын хабарлады

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Мариупольдегі «Азовсталь» зауытынан жараланғандар эвакуацияланғанын хабарлады.

«Азовсталь» аумағынан жараланған әскери қызметшілерді эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Оларды Ресей әскерлерінің бақылауындағы аумаққа әкетуде.

РФ Қорғаныс министрлігі Украина әскерінің өкілдерімен Мариупольдегі «Азовсталь» аумағынан жараланғандарды шығару туралы келісімге келгенін айтты. Бұл туралы ресейлік БАҚ Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Эвакуация зауыт аумағында қалған украиналық әскерилердің өкілдерімен келіссөздер нәтижесінде басталды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Ресей әскери ведомствосының хабарлауынша, комбинатта «тыныштық режимі» енгізілді. Жараланғандарды гуманитарлық дәліз арқылы ресейлік әскерлердің бақылауындағы Донецк облысы Новоазовск қаласындағы ауруханаларға жеткізіп жатыр.

Өз кезегінде украиналық ресми тұлғалар келісімге келгенін растаған жоқ.

Добавить комментарий