РФ-ның Украина аумағындағы әскери іс-қимылдары — ресейліктерді өз проблемаларын ұмыттыру әрекеті: сарапшының пікірі

«Владимир Путин жиырма жылдан астам уақыт билікте отыр. Оның қабылдаған шешіміне байланысты, ХХІ ғасырда өмір сүретін әлем жұртшылығы Еуропаның орталығындағы ауқымды соғыстың куәгері болып отыр — бұған Путин режимі және билікте жиырма жылдан астам уақыт болған Ресей президенті алып келді», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Олардың пікірінше, «Ресей Украинаға қарсы соғыс қимылдарын бастап, өз-өзін қиын жағдайға душар етті». Ресей Федерациясының әрекетіне жауап ретінде батыс елдері бұрын-соңды болмаған ауқымды санкциялар бағдарламасын дайындап, іске қосты. Ресей Украина аумағында «демилитаризациялау және денацификациялау» мақсатындағы «арнайы операция» жүргізетінін мәлімдеді.

«Ресей президенті Украина аумағында соғысы арқылы ресейліктердің билік өкілдері мен сөз бостандығына қатысты наразылығын, бірқатар басылымдар мен құқық қорғау ұйымдарын жабу және шетелдік агенттер деп тану сияқты ішкі мәселелерден назарын басқа жаққа бұрғысы келді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар. Аталған проблемалардың қатарында зейнет жасын көтеру және сыбайлас жемқорлық те бар.

«Ресей билігі осындай мақсаттардың бірі Донбасс тұрғындарын украиналық ұлтшылдардан құтқару екенін баса айтты. Путин Украинада орыс және орыс тілді азаматтардың құқығы иапиалып жатқанын айтты. Киевтің халықаралық әлеуметтану институты жүргізген сауалнамаға сәйкес, Орталық және Батыс Украинадағы респонденттердің 85 пайызы Украинада орыс тілді азаматтарға қысым жасалып жатқан жоқ деп есептейді», — дейді саясаттанушылар.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сарапшылар Путиннің мақсатын ақылға қонымсыз деп атады, сондай-ақ ресейліктерге қарата былай деп айтты: «Ресей халқы алпауыт елді басқаруға және оны экономикалық және саяси тұрғыдан қуатты етуге қабілетсіз Владимир Путинді президенттіке лайықты емес екенін мойындау керек. Оның билік басында қалуы Ресейді әлемнен шеттетіп, ал соның салдарынан РФ-ның барлық азаматтары зардап шегеді».

Добавить комментарий