Ауғанстанда елде өндірілетін мұнайды сату бойынша алғашқы сауда-саттық өтті, батыс сарапшыларының пікірінше, Ауғанстанның мұнай нарығына шығуы РФ-ның жағдайын нашарлатады.
«Талибан» қозғалысы бақылайтын Тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлігі министр міндетін атқарушы Шахабуддин Делавардың қатысуымен 20 мың тонна қашғар мұнайын және 7 мың тонна ангут мұнайын сату бойынша тендер өткізді.
Сауда-саттық Кабулдағы министрлік ғимаратында өтті. Шикізатты қайта өңдеудің барлық процестері Ауғанстан ішінде жүргізілетін болады.
Тәліптер 2021 жылдың тамыз айында ел билігін басып алғаннан кейін, елдегі мұнай өндірісін бақылауына алды.