РФ-ның әскери сәтсіздіктері ел үшін саяси дағдарысқа айналуы мүмкін

Америкалық NYT басылымның журналисі Майкл Вайс ресейлік әскерилердің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Украинадағы соңғы бірнеше күнде орын алған жағдайға талдау жасады. Ол өз материалында РФ соңғы бірнеше күннің ішінде елдің солтүстік-шығысындағы 1000 шаршы шақырымға жуық, ал оңтүстіктегі 2200 шаршы шақырымға жуық жерден айырылғанын жазады.

Ресей жақында өткен референдумнан кейін аннексияланған барлық 4 аумақта позициясын жоғалтып жатыр. РФ ҚК жеке құрамының шығындарының нақты саны жарияланбады, алайда ішінара мобилизацияның жариялануы жағдайдың ауыр екеніне куә болуы мүмкін, дейді Майкл Вайс.

Ол өз материалында УҚК-ның контршабуылы сәтті жүргізіліп жатқанына қайтарып алған ауылдарға Украина туын тігіп жүрген украиналық сарбаздардың суреттері дәлел екенін атап өтті. Украиналық БАҚ-та ресейліктер тастап кеткен техниканың суреттері жарияланып жатыр, сондай-ақ жауынгерлердің туыстарымен сөйлесулерін жазып алып, олардың паникалық бұзылысы мен жабдықтаудың немесе әуеден қолдау көрсетілмей жатқанын жариялады.

«Украиналық әскерилер Днепрдегі көпірлерге батыстың жоғары дәлдікті жап-жаңа қаруымен соққы беруде, бұл Ресейдің логистикасына айтарлықтай кедергі келтіреді. Батыстағы артиллериялық платформаларынан бөлек, орыстар ұсақ украиналық ұшқышсыз басқарылатын дрондарының толассыз шабуылына ұшырады», — делінген Украинаның соғыс алаңындағы жетістіктері туралы жазбада.

Батыстық сарапшылардың пікірінше, Украинадағы әскери сәтсіздіктерге байланысты Ресей ішінде ішкі саяси дағдарыс орын ала бастады. «Жоғары лауазымды шенеуніктер біліксіз дала командирлерін және бір-бірін айыптай бастады», — деп жазады материал авторы.

Майкл Вайс ресейлік жоғары лауазымды шенеуніктерді месседждерінде Путинге жақын адамдардың арнайы операцияның барысы мен орындылығына күмән келтіргені көрсетілген.

«Мәселе Орталық әскери округ тобы қолбасшысының жағдайды дұрыс бағаламауында емес. Мәселе баяндамада ахуалды өтірік жақсы қылып көрсетуде. Бұл жүйе жоғарыдан төменге қарай құлдырап барады», — деп жазды Мемлекеттік Думаның депутаты Андрей Гурулев, Ресей армиясының отставкадағы генерал-майор және Оңтүстік әскери округі әскерлері қолбасшысының бұрынғы орынбасары.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбі күні журналистермен әңгімелесу кезінде Херсон және Запорожье облыстарының шекаралары қалай бекітілетіні туралы жергілікті халықпен консультациялар жалғасып жатқанын мәлімдеді, себебі РФ-мен жасалған шартта қаулыға қол қойылған күнгі шекара қарастырылған.

Шешен автономиялық Республикасының әскери қолбасшысы-президенті Рамзан Қадыров өткен демалыс күндері Ресейдің Орталық әскери округінің қолбасшысы, генерал-полковник Александр Лапинді Лиман қаласын Украинаға берді деп ашық сынға алды.

Осыдан жеті жыл бұрын Донбастағы ресейшіл күштердің қолбасшысы болған бұрынғы ФҚҚ офицері Игорь Гиркин арнайы операция басталғалы бері Қорғаныс министрлігін қатаң сынға алып келді.

Арнайы операция барысын Владимир Путиннің жақтастары сынға алуы бір айдың ішінде Ресей президентінің жағдайы өте ауыр екенін көрсетеді, — деп есептейді материал авторы.

Добавить комментарий