РФ мен Украина арасындағы тұтқын алмасуға Рим Папасының қатысы бар

Ресейдің Ватикандағы елшісі Александр Авдеев Украина мен Ресей арасындағы тұтқын алмасуға Рим Папасы ұсынған тізімді ескере отырып жүргізілгенін мәлімдеді.

Бұл туралы дипломат Рим Папасының Украинадағы соғыс бойынша «келіссөз контекстін» құру туралы сөзіне түсінік бере отырып айтты.

«Ресей тарапының украиндық тұтқындарды босатуы немесе алмасуы Папа Францисктің бізге тұрақты түрде беретін тізімдерін ескере отырып жүзеге асырылады», — деп атап өтті Авдеев.

Оның айтуынша, Ресей тарапы понтификтің «жүздеген адамды жанұясына» қайтаруға мүмкіндік беретін гуманитарлық миссиясын «жоғары бағалайды».

Сонымен қатар, Бахрейнге сапары кезінде понтифик Авдеевпен бірнеше мәрте сөйлескенін хабарлады.

«Қасиетті Тақ тұтқындарға қатысты қолыннан келетіннің бәрін жасап жатыр», — деді ол.

Бұған дейін БАҚ Франция президенті Эммануэль Макрон Рим Папасы Францискті РФ басшысы Владимир Путинге, АҚШ көшбасшы Джо Байденге және патриарх Кириллге қоңырау шалып, Украинадағы соғысты тоқтатуға көндіруге шақырған болатын.

Добавить комментарий