РФ мен Беларусьтің 365 азаматы Польшаның санкциясына ілікті


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/05/speech-55084-1685387453-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Польша билігі Ресей мен Беларусьтің 365 азаматын жағымсыз тұлғалар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Оларға елге кіруге тыйым салынды, деп хабарлады 29 мамырда Польша ІІМ баспасөз қызметі.

Осы шешімнің нәтижесінде оларға Шенген аймағына кіруге де тыйым салынады және қаражаты мен активтері бұғатталады. Сонымен қатар, министр Ресей капиталымен байланысты 20 ұйым мен 16 тұлғаның қаражаты мен активтерін бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Санкциялар тізіміне 159 депутат, 76 судья, жеті прокурор, жергілікті әкімшіліктің 32 өкілі және құқық қорғау органдарының 28 қызметкері енді. Бұған дейінгі шектеулерді ескере отырып, Беларусь парламентінің барлық депутаттары да санкцияға ілігеді.

Сонымен қатар, қара тізімге пропагандамен айналысатын Беларусь БАҚ өкілдері (23 адам), спортшылар мен спорт белсенділері (24 адам), Беларусь мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері (сегіз адам) және мәдениет және ғылым қайраткерлері (сегіз адам) енді.

Сонымен қатар, тізімге ресейлік капиталға байланысты кәсіпкерлер — РФ-ның 15 азаматы мен бір белорус азаматы енді.

Әзірге қара тізімге енген адамдардың нақты есімдері аталмады. Бұл адамдар Беларусь режимін насихаттап, Минскідегі биліктің репрессиялық саясатын заңдастыруға және қолдауға атсалысқан.

Оларға сондай-ақ жалған айыптар бойынша сотталған Анджей Почобутты саяси астары бар үкім шығарғаны үшін жауапкершілік жүктеп отыр, — деп толықтырды ІІМ.

Добавить комментарий