АҚШ пен Ресей Венераға миссия жіберу жөніндегі бірлескен бағдарлама туралы шешім қабылдады.
«Біз америкалықтармен Венераға бірлескен миссияны ұшыру туралы келісімге келдік. Венера орыс планетасы болып саналды. Сол жерге кеңес аппараттары қонған. Біз «Венера-Д» деп аталатын — ресейлік-америкалық бірлескен миссиясын қондырмақпыз», — деді Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.
Ол бұл бірлескен жұмыс экономика, техника және ғылым тұрғысынан міндетті жеңілдетуге көмектесетінін түсіндірді.