РФ халық әртісі Нина Русланова қайтыс болды,

РФ кинематографистер одағы қаралы хабарды естіртті. Ресейдің халық әртісі Нина Русланова ұзаққа созылған сырқаттан кейін 76 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

«Бүгін 76 жасқа қараған шағында Нина Ивановна Русланова ұзаққа созылған сырқаттан кейін қайтыс болды», — делінген Ресей кинематографистер одағының хабарламасында.

Русланова көрермендерге «Собачье сердце», «Моя любовь», «Тени исчезают в полдень», «Не стреляйте в белых лебедей», «Афоня», «Будьте моим мужем» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. Сонымен қатар, ол Е.Вахтангов атындағы театрда және Маяковский атындағы театрда жұмыс істеді. 1982 жылы РКФСР еңбек сіңірген әртісі, ал 1998 жылы Ресейдің халық әртісі болды. Сондай-ақ Русланова «Ника» сыйлығын төрт мәрте алған: екі рет үздік әйел рөлі үшін және екінші пландағы үздік әйел рөлі үшін.

Добавить комментарий