РФ елшісі Қазақстан мен Ресей шекарасындағы дау-дамайға қатысты түсініктеме берді

Ресейдің ҚР-дағы елшісі қазақстандық телеарналаның эфирінде ресейлік депутаттардың солтүстік Қазақстан аумағына қатысты айтқан мәлімдемесінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған жағдайға түсініктеме берді.

«Бұл пікірлерді сахналағым келмейді. Менің ойымша бұған мән бермеу керек. Бұл орынсыз пікірлер Ресейдің ресми ұстанымына қайшы келетінін баса айтамын. Біздің елдеріміздің арасындағы шекара өзара келісіммен бекітілген. Ол өзінің барлық ұзындығы бойынша делимитацияланған. Қазақстан мен Ресейдің күн тәртібінде территориялық мәселелер мүлдем жоқ. Мұндай мәселелер талқыланбайды», — деді РФ елшісі.

Ол Ресей Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ, елші әскери ынтымақтастық жөніндегі келісім туралы айтып өтті, оған сәйкес Қазақстан мен Ресей бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін өзара қорғауға міндеттенеді.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара — бөлетін сызық емес, бұл бізді біріктіретін шекара. Меніңше, аумақтық тақырыпты қоздырушылар Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастарға зиян келтіру мақсатын көздейді. Ал қазақстандық мемлекеттіліктің қазіргі шекарасында қалыптасуының сан ғасырлық тарихына келетін болсақ, ббұл ғалымдар зерттеу тақырыбы болып табылады, ал бұл біздің достас мемлекеттеріміздің арасындағы сыртқы саяси қақтығыстардың себебі емес», — деп баса айтты ол.

2020 жылдың желтоқсанында Қазақстан СІМ Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың «Қазақстан территориясы – Ресейдің керемет сыйы» деген мәлімдемесіне байланысты Ресейдің нотасын жеткізді. Дипломаттар бұл мәлімдемеге қайран қалғандықтарын білдірді.

Никоновтың өзі өзінің Telegram-арнасында «Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР-нің шекараларын анықтағанда Қазақстанның мүдделері толығымен сақталды» деп жазды және ол «Үлкен ойын» бағдарламасында осыны айтып өтті. Ол сондай-ақ «бауырлас Қазақстан халқына деген ең жылы сезімін» білдірді.

Осыдан кейін Қазақстан аумағы туралы Ресей Мемлекеттік думасының басқа депутаты Евгений Федоров та айтты. Ол Қазақстан СІМ ҚР аумағы РФ-ның сыйы екенін неге мойындамайтынына таң қалды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ресей депутаттарының қарапайым дипломатиялық этикетті ұмытып, оның білдірген мәлімдемесін «көк сиырдың мылжыңы» деп атады.

Добавить комментарий