РФ-дан оралған этникалық қазақтар саны артты

Ресейден Қазақстанға оралған қандастар саны артты, кейбір сарапшылар мұны ықтимал мобилизациядан қашу әрекеті деп отыр. Жыл басынан бері 1 қарашадағы жағдай бойынша ҚР-дағы статистика өзгерді.

Жыл басынан бері Қазақстанға қандас мәртебесін алған 15 637 этникалық қазақ келді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 1 қарашадағы жағдай бойынша, қандастардың басым бөлігі Өзбекстаннан келген, яғни 65,2%.

Сондай-ақ, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден.

Бір қызығы, осыдан бір ай бұрын жарияланған (1 қазандағы мәлімет) Ресейден келгендер мүлдем болмаған. Еске сала кетейік, Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы 68,7%-ы Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% — басқа елдерден. Бәлкім, ішінара мобилизация ның жариялануы этникалық қазақтардың Ресейден Қазақстанға қоныс аударуына түрткі болған шығар.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%),  Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.

Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ.

1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 103,5 мың этникалық қазақ оралды.

Добавить комментарий