Ресей ірі ұн партиясын ел аумағынан шығаруға рұқсат бермеді.
Россельхознадзордың баспасөз қызметі хабарлағандай: «26 наурызда Россельхознадзордың өңірлік басқармасының инспекторы Новосибирск облысынан Қазақстан Республикасына бидай ұны партиясын әкетуге рұқсат бермеді. 22 тонна жоғары фитосанитариялық тәуекелді өнімді Барабинск қаласынан жөнелтуші ұйым міндетті ілеспе құжат — фитосанитариялық сертификатсыз алушының атына жүк машинасымен жіберуге дайындаған».
Нәтижесінде Россельхознадзор басқармасының Новосибирск облысы бойынша инспекторы бидай ұнын әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
«Партия толық көлемде Новосибирсктегі жөнелтушісіне қайтарылды», — делінген хабарламада.