Соңғы мәліметтер бойынша, Ресей жалпыәскери армияның құрамында жаңа әуе-десанттық бригадаларды құрып жатыр, деп атап өтті Соғысты зерттеу институты. РФ Қарулы Күштерінің құрамында Әуе-десанттық әскерлердің болғанына қарамастан, жаңа бриагада құрылады.
Аналитиктер жаңа десанттық құрамалар Украина Қарулы Күштерінің тылында барлау миссиялары мен басқа да операцияларды қоса алғанда, түрлі міндеттерді орындайды деп болжауда. Мамандар қосымша әуе-десанттық бригада УҚК позицияларына тиімді шабуылдауға ықпал ететінін атап өтті.