РФ-да вакцинация қарсы адамдарды ковидтік бөлімшелерге шақырады

Ресейде екпе салдыруға қарсыларды коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар емделіп жатқан ауруханалардың бөлімшелеріне шақырды.

Ресейдегі 11 аурухананың дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға қарсы азаматтарға ашық хат жазды, бірқатар саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерін аурухананың қызыл аймақтарына барып, ковид жұқтырған пациенттерді, сондай-ақ осы індеттің зардабы қандай болатынын өз көзімен көруді ұсынды.

Осы хат жалпы вакцина салдыруға қарсыларға және басқа да адамдарға жолданды. Атап айтқанда: Коммунистік партияның және «Справедливая Россия» көшбасшылары Геннадий Зюганов пен Сергей Миронов, Мемлекеттік Думаның вице-спикері Петр Толстой, саясаттанушы Сергей Кургинян, актриса Мария Шукшина, әнші Наталья Ветлицка, тележүргізуші Оскарский.

Хат авторлары, оның ішінде коронавирусты емдеуге маманданған елдің жетекші ауруханаларының бас дәрігерлері мен бөлімше меңгерушілері, оларға COVID-19 вакцинациясына қатысты адресаттардың ұстанымы белгілі екенін айтады.

«Қазір біздің бос уақытымыз жоқ, сірә, не үшін екенін біліп тұрған шығарсыз. Алайда, сіздерге көп адамның жазылғанын, тыңдап, құлақ асатынын ескере отырып, сізддерді ауруханаларымыздың қызыл аймағы, реанимациялары мен патологоанатомиялық бөлімшелері бойынша өткізуге уақыт табамыз», — делінген хатта.

Онда авторлар бөлімшелерге барғаннан кейін адресаттар вакцинацияға қатысты көзқарасын өзгертіп, «адам өлімі азаяды» үміттенеді.

Добавить комментарий