РФ-да соғыс қимылдарына қатысқан алғашқы тұтқындарға рақымшылық жасалды

Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу үшін «Вагнер» ЖӘК қатарына шақырылған алғашқы тұтқындарға рақымшылық жасалды.

Олардың барлығы ЖӘК-пен жартыжылдық келісімшарттар жасасып, ұрыс қимылдарына қатысты.

«Олар өз келісімшарттарын толық орындады. Абыроймен және ерлікпен атқардык. Бірінші рет. Әлемде өзіне жүктелген міндетті осылай атқарғандар аз», — деді ресейлік саясаткер және бизнесмен Евгений Пригожин

Оның айтуынша, бұл адамдардың арасында кездейсоқ немесе мінезіне байланысты темір торға тоғытылғандар көп болған..

Добавить комментарий